Иран Біріккен Араб Әмірлігі мен Бахрейн Сыртқы Істер Министрлігінің уәждеріне жауап қайтарды
https://itolqyn.com/news/world-i15220
БҰҰ-дағы ИИР-ның өкілі Біріккен Араб Әмірлігі мен Бахрейн Сыртқы Істер Министрлігінің «Иран басқа елдердің істеріне араласады» деген уәждерін негізсіз әрі әшкере өтірік деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 28, 2016 14:31 Asia/Almaty
  • Иран Біріккен Араб Әмірлігі мен Бахрейн Сыртқы Істер Министрлігінің уәждеріне жауап қайтарды

БҰҰ-дағы ИИР-ның өкілі Біріккен Араб Әмірлігі мен Бахрейн Сыртқы Істер Министрлігінің «Иран басқа елдердің істеріне араласады» деген уәждерін негізсіз әрі әшкере өтірік деп атады.

БҰҰ-дағы Иран өкілдігінің бірінші хатшысы Аббас Яздани бұл ұйымның Бас Ассамблеясында Нью-Йоркте Біріккен Араб Әмірлігі Сыртқы Істер Министрлігінің «Иран басқа елдердің істеріне араласады» деген уәжіне реакция білдіріп: «Бұл негізсіз уәждер Біріккен Араб Әмірлігінің әскери ұшақтары күн сайын Йеменнің бейбіт халқын бомбалап отырған жағдайда айтылуда»,- деді. Яздани сонымен бірге   Бахрейн Сыртқы Істер Министрлігінің Иранның бұл елдің істеріне араласуы туралы уәждеріне берген жауабында: «Бахрейн үкіметі тарапынан құрылған тәуелсіз комиссия Бахрейн үкіметінің уәждерін растамаған жоқ»,- деп баса айтты.