Қазақстан мен Ресейдің он үшінші ынтымақтастық отырысы өтіп жатыр
Қазақстан мен Ресейдің он үшінші аймақаралық ынтымақтастық отырысы дүйсенбі күні, 3 қазанда Қазақстанның елордасы Астанада екі елдің ірі компаниялары өкілдерінің қатысуымен басталды.
Осы екі күндік форумда тасымал және жабдықтар потенциалы, туризм индустриясы, сауда саласындағы кедергілер мен шектеулерді жою және екі ел әріптестігіндегі тағы да басқа маңызды мәселелер талқыланатын болады.
Қазақстан мен Ресейдің басшыларының осы форумның жабылу рәсіміне қатысуымен азық-түлік, химия, металлургия, инновация, инженерия, фармацевтика мен құрылыс саласында 30 келісімге қол қойылады деп жоспарлануда. Форумды өткізіп, Мәскеу мен Астана басшыларының форумның жабылу рәсіміне қатысуындағы мақсат – Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын кеңейту.
Еуразия экономикалық одағы мен басқа да аймақтық ұйымдар аясында ынтымақтастық жасау бойынша екі елдің қарым-қатынасына қатысты мәселелер де екі ел басшылары келіссөздерінің тақырыптарының бірі болады. Осы арада тараптар тасымал, әуе-ғарыш белсенділігі саласында ынтымақтастық жасау және екі елдің арасында сауда кедергілерін азайту қажеттігін қуаттап отыр.
Егер осы жиынтыққа РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың Қазақстанға жуырдағы сапары мен екі елдің Қорғаныс министрлерінің әскери-қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді қуаттауын қоссақ, сол кезде Мәскеу мен Астана ынтымақтастығының стратегиялық маңыздылығын түсінуге болады. Әсіресе Сергей Шойгудың Астанаға сапармен барып, өзінің қазақ әріптесімен сұхбатында әскери ынтымақтастыққа қатысты мәселелер, Ресейдің әскери құрал-жабдықтарын Қазақстанға беру және екі елдің стратегиялық серіктестігі талқыланған болатын.
Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын талдағанда бұл екі елдің энергетика саласындағы әріптестігін назардан тыс қалдыруға болмайды. Екі ел 2014 жылдың қысынан бері Каспий теңізінде екі мұнай-газ кенішін дамыту туралы келісім жасауды қарастырып келеді. Қазақстан мен Ресей өкілдерінің екі елдің мұнай саласындағы ынтымақтастығын 2025 жылға дейін ұзарту туралы келісімге қол қоюын осы тұрғыдан бағалауға болады.
Осы келісім бойынша, екі ел шикі мұнай мен өңделген өнімдермен қамтамасыз ету саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты 2025 жылға дейін ұзартты. Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастық комиссиясының осы күнге дейін өткізген кезеңдік отырыстары екі елдің саяси-экономикалық, қауіпсіздік және сауда-саттық саласындағы қарым-қатынастарының нығаюына көмектесіп келеді. Он үшінші отырыс та бұл ережеден тыс емес. Қазақстан мен Ресей басшыларының он үшінші ынтымақтастық отырысының жабылу рәсіміне қатысуы екі ел қарым-қатынасының маңыздылығын көрсетіп, тараптардың екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуды қуаттайтынын білдіреді.