Қаз 08, 2016 22:15 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысына осы елге айып тағудың құқықтық салдарларын екертті

Ресей СІМ АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керриге "Ресей Сирияда соғыс қылмыстарын жасады" деген негізде айып тағудың құқықтық салдарларын екертті.

«Әл-Ахбарие» телеарнасының мәлімдеуінше, Ресей СІМ- нің ақпарат хатшысы Мария Захарова: «Керридің сөздері бар болғаны үгіт-насихат қана. Осындай терминдерді қолданудың өте қауіпті құқықтық салдарлары бар. Керри жағдайды одан әрі ушықтыру үшін осы терминдерді қолданып отыр» деп, Америкадан бүкіл әлемде жасап жатқан соғыс қылмыстарын ұмытпауды сұрап: «Егер соғыс қылмыстары туралы сөз айтатын болсақ, алдымен Ирактан, содан соң Ливия мен Йеменнен бастап, сол жерлерде не болғанын білуіміз керек. Мұндай сөздермен ойнау аса қауіпті. Өйткені іс жүзінде орын алып жатқан соғыс қылмыстарына америкалық басшылардың қатысы бар.

Ресей АҚШ үкіметіне жақын мамандар тарапынан Вашингтон Сирияның әуежайларын қанатты зымырандармен бомбалауды мақсат етіп отыр деген жаңалықтар әдейі таратылған соң «С 300» әуе қорғаныс құрылғысын Сирияға орнатуды ұйғарды» деді.

 

 

Тегтер