БҰҰ Нетаньяхудың нәсілшілдік сөздерін сынады
Қаз 25, 2016 18:39 Asia/Almaty
БҰҰ сионистік режимнің премьер-министрінің оның әл-Ақса мешітінің астын қазу жұмыстарына қатысу ниеті туралы нәсілшілдік сөздерін сынады.
БҰҰ-ның Бас хатшысының ақпарат өкілі Стефан Дюжаррик бұл ұйымның қасиетті мекендер жайлы ұстанымының әрдайым айқын болғанын баса айтып, БҰҰ-ның мұсылмандардың киелі мекендеріндегі жағдайдың сақталып, оған еш өзгеріс енгізілмейтінін қуаттайтынын айтты.
Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жексенбі күні әл-Ақса мешітінің астын қазу жұмыстарына өзі қатысатынын айтқан болатын.
Тегтер