Қаз 30, 2016 17:02 Asia/Almaty
  • Сейф: Қытай Иран нарығынан жақсы хабардар

Иранның Орталық банкінің басшысы Қытай банкінің атқарушы директорымен кездесуінде: «Алтылық» елдерінің арасында Қытайдың Иранмен қатынасы басқалардан көбірек. Сол себепті бұл ел Иранның нарығын басқалардан жақсырақ біледі»,-деді.

Иранның Орталық банкінің басшысы Валиулла Сейф сенбі күні түстен кейін  Қытай банкінің басшысы Чен Сингингпен кездесіп: "«Алтылық» елдері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін экономикалық байланыстарды арттыру қажеттігін қуаттап, аймақтағы нарықта белсенділік таныту үшін Ирандағы инвестициялық әлеуеттерді пайдалануға мүдделік танытуда»,-деді.

Иранның Орталық банкінің басшысы Иран мен Қытайдың қарым-қатынасының стратегиялық әрі ұзақ мерзімді сипатта екенін айтып: «Иран Қытайды әрдайым өзінің стратегиялық серіктесі санайды»,-деп баса айтты.

Қытай банкінің басшысы да осы кездесудегі мақсаттың екі елдің қаржы саласындағы әріптестігін кеңейту екенін айтып: «Біз әріптестікті арттыру мақсатында Иранда өкілдік ашуды көздеп отырмыз. Келесі кезеңде бөлімше ашуға кірісеміз»,-деді.  

Қытай банкінің басшысы бұл банктің Иранда жұмыс істеуге ынталы екенін айтып: «Иран – экономикасы мықты, халқы көп үлкен ел. Бұл тақырыптың көптеген оң нәтижелері болады»,-деді.

 

 

Тегтер