Могерини Иран мен "алтылық" тобы арасындағы ядролық келісімнің жүзеге асырылуы қажеттігін қуаттады
Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Иран мен "алтылық" тобының ядролық келісімін барлық тараптар оның жүзеге асырылуына берік болуы керек халықаралық келісім деп атады.
Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини сәрсенбі күні CNN хабар арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың Иран мен "алтылық" тобының ядролық келісіміне қарсы негізсіз қоқан-лоққысы туралы сөзінде өзінің осы халықаралық келісімнің жүзеге асырылуына бақылаушы болғанын және барлық тараптардың оған берік болуы қажеттігін айтып, "Иран мен "алтылық" тобының ядролық келісімі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары ретінде бекітілген" деді.
Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссарының айтуынша, Иран мен "алтылық" тобының ядролық келісімі біржақты немесе екіжақты мәселе емес, ол БҰҰ-ның қарарларының шеңберінен орын алған жан-жақты келісімшарт болып табылады.