Рухани Иран мен Венгрияның байланыстарын кеңейту қажеттігін қуаттады
ИИР президенті Иран үкіметінің сыртқы саясатының негізін дос елдермен, соның ішінде Еуропа Одағындағы мемлекеттермен байланыстарды кеңейтіп, ынтымақтастық деңгейін күшейту деп атады.
Иран президенті Хасан Рухани Теһранда Венгрия парламентінің спикері Ласло Кёверді қабылдауда Еуропа Одағының ядролық келіссөздегі әсерлі рөлі мен ынтымақтастықты кеңейту үшін санкциядан кейінгі мұрсаттарды көбірек пайдаланудың қажеттігіне тоқталып: «Иран жаңадан пайда болған экономикаға ие үлкен ел болып табылады. Иранның жақсы мүмкіндіктері мен әлеуеттері бар.
Иранның техникалық және инженерлік қызмет пен инфрақұрылымдық жобаларды орындау негізіндегі әлеуеті мен Венгрияның өнеркәсіп және ауылшаруашылығы салаларындағы әлеуеті Теһран- Будапешт ынтымақтастықтарын кеңейту үшін қолайлы негіздер болып табылады» деді.
Иран президенті сондай- ақ лаңкестікпен бірлесіп күресу тақырыбына сілтеме жасап: «Лаңкестік аймақ және әлем үшін шынайы түйткіл болып табылады. Ешбір мемлекет оның салдарларынан аман қала алмайды» деді.
Венгрия парламентінің спикері Ласло Кёвер де Иран мен Венгрияның барлық салалардағы ынтымақтастықтарын күшейту қажеттігін қуаттап: «Будапешт барлық салалар бойынша Теһранмен ынтымақтастықтары мен байланыстарының деңгейін кеңейтуге әзір» деді.