Рухани Куба революциясы жетекшісінің қайтыс болуына орай көңіл айтқан хат жолдады
ИИР Президенті өз жолдауында Куба революциясының жетекшісі Фидель Кастроның қайтыс болуына орай осы елдің үкіметі мен халқына көңіл айтты.
Иран Президенті Хасан Рухани сенбі күні Куба Республикасының Мемлекеттік кеңесі мен Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Модесто Кастроға хат жіберіп, Кубаның қажырлы күрескері әрі революция жетекшісі Фидель Кастроның қайтыс болуына орай көңіл айтты.
Руханидің жолдауында былай деп жазылған: «Әлем халықтары адамзат қоғамының бейбітшілік, әділет пен азаттық сияқты ең негізгі принциптерінің бұзылуынан жапа шегіп отырған заманда, қуанышымызға орай, өмірінің соңына дейін күрестен бас тартпай, әділеттік пен азаттықты талап ететін күрескер еркін адамдар бар».
Иран Президенті осы хатта Куба үкіметі мен халқына сәттілік пен үстем мерей тіледі.
Куба революциясының жетекшісі Фидель Кастро сенбі күні таңертең 90 жасында дүниеден озды.