Үндістанда «Азия жүрегі» атты конференция аяқталды
(last modified Mon, 05 Dec 2016 12:48:56 GMT )
Жел 05, 2016 18:48 Asia/Almaty
  • Үндістанда «Азия жүрегі» атты конференция аяқталды

Ауғанстан мәселелеріне арналған «Азия жүрегі» атты екікүндік алтыншы конференция Үндістанның Амри́тсар қаласында қорытынды мәлімдеме жариялаумен аяқталды.

Осы мәлімдемеде аймақтық және халықаралық әріптестік арқылы лаңкестік топтармен қатаң түрде күресу қажеттігі қуатталды. «Азия жүрегі» атты конференцияның маңыздылығы оның аймақтық сипатқа ие болуында. Бұл конференцияға қатысатын елдер мен ұйымдардың басым бөлігі аймақтық елдер.  Шын мәнінде 5 жыл бұрын  аймақтық елдер өз ерік-жігерлерімен Ауғанстан дағдарысын шешуге көмектесу мақсатында «Азия жүрегі» атты конференцияның өтуіне себеп болды. Бұған қарамастан Ауғанстан үкіметінің көзқарасынша, «Азия жүрегі» атты конференцияның 5 кезеңіндегі мәлімдемелерінің бұл елдің қауіпсіздік саласындағы көптеген мәселелерді шешуге аса көмегі болмады. Өйткені Ауғанстанның қауіпсіздік жағдайын нығайтуда әсерлі бола алатын маңызды ел – Пәкістан. Кабул үкіметінің көзқарасынша, бұл ел Ауғанстанда бейбітшілік үдерісін ілгерілету үшін шынайы қадам жасамай отыр. Сол себепті «Азия жүрегі» атты конференция Ауғанстанның қиыншылықтарын шешуге көмектесу үшін аймақтық шешімдерді қабылдайтын жерге айналудың орнына Ауғанстанның Пәкістан мен Үндістанға сын мен наразылықтар айтатын жеріне айналды. Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғанидің Исламабадты Талибандарды қолдап отыр деп қатты сынауы және Пәкістан жағының оны қасақана жала жауып отыр деп айыптауы Ауғанстандағы өзгерістерде әсерлі бола алатын маңызды елдер арасындағы қайшылықтардың бұрынғыдай осы елдің бейбітшілігіне қатысты істердің ілгерілеуіне кедергі болып отырғанын көрсетеді. Ауғанстандағы қатыгез лаңкестік топтардың ең маңызды қаржы көзі болып табылатын есірткі заттарын өндірудің жалғасуы мен көбеюі бұл елдің ұлттық қауіпсіздігіне ғана емес, аймақтық елдердің қауіпсіздігіне де қатер төндіріп отыр.

БҰҰ-ның есірткі заттар және қылмыстармен күресу кеңсесі өзінің жуырдағы есебінде: «2016 жылы Ауғанстанда көкнәр егу алқаптары 10 пайыздық өсіммен 201 мың га жерге жетті»,-деп хабарлады.

Осындай жағдайда «Азия жүрегі» атты конференцияда Ауғанстанда көкнәр егу және есірткі заттарын өндірумен күресу үшін шешім жолы ұсынылмады. Мұнымен қоса, Ауғанстан лаңкестік топтар және содырлармен күресу үшін әскери көмекке қатты мұқтаж болып отыр. Ауғанстанның саяси және әскери қайраткерлері жуырда: «Ресей мен Үндістанға Ауғанстанның әскери және қауіпсіздік саласындағы қажеттіліктерінің тізімін бердік»,-деп мәлімдеді. Бұған қарамастан, Ауғанстан лаңкестік топтармен күресу үшін  бұрынғыдай әскери көліктер мен құрал-жабдықтар, әсіресе тікұшақтарға мұқтаж болып отыр. Үндістанның Амри́тсар қаласында өткен «Азия жүрегі» атты конференцияда осыған қатысты шешім қабылданбады. Ал бұл жағдайда аталмыш конференцияның мәлімдемесінде аймақтық және халықаралық әріптестіктер арқылы терроризммен күресу қажеттігі қуатталған.

Осы тұрғыдан «Азия жүрегі» атты конференцияның ұдайы өткізілуінің аймақтық және халықаралық орталардың Ауғанстандағы жағдай мен өзгерістерге көңіл аударатынын көрсеткенімен, Үндістанның Амри́тсар қаласында өткен «Азия жүрегі» атты конференцияда баяндама жасағандардың сөздері клишелік шешімдердің қабылданғанын көрсетеді. Қатысушы елдер  көбіне  жеке түрде Ауғанстанға көмектесуді қалайды. Осындай жағдайда Ауғанстан халқы «Азия жүрегі» атты конференциядан осы ел мен Пәкістан арасында қайшылықтарды шешуге көмек беріліп, Кабул мен Исламабад қарым-қатынасында жаңа тарау басталып, Пәкістанның    Ауғанстандағы бейбіт үдеріске көмектесу үшін  шынайы қадам жасайтынын  күткен болатын.