Иран мен Венесуэла президенттері нарықты тұрақтандыру мен мұнай бағасын арттыруды қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i19447
Иран мен Венесуэла президенттері нарықты тұрақтандыру мен мұнай бағасын арттыру үшін Мұнай Экспорттаушы Елдер Ұйымы (ОПЕК) мүшелерінің кеңесулерді жалғастыруы мен ынтымақтастықтарды кеңейтуін қажеттілік деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 09, 2016 15:43 Asia/Almaty
  • Иран мен Венесуэла президенттері нарықты тұрақтандыру мен мұнай бағасын арттыруды қуаттады

Иран мен Венесуэла президенттері нарықты тұрақтандыру мен мұнай бағасын арттыру үшін Мұнай Экспорттаушы Елдер Ұйымы (ОПЕК) мүшелерінің кеңесулерді жалғастыруы мен ынтымақтастықтарды кеңейтуін қажеттілік деп атады.

ИИР президенті Хасан Рухани Венесуэла президенті Николас Мадуромен телефон арқылы сұхбатта Теһранның нарықты тұрақтандыру мен мұнай бағасын арттыруды қолдауды бұрынғысынша жалғастыратынын қуаттады.

Рухани Теһран-Каракастың нарықты тұрақтандыру мен мұнай бағасын арттыру туралы жиі кеңесулеріне сілтеме жасап: «ОПЕК мүшелері осы ұйымның 171- ші отырысындағы келісімдерін орындау үшін әсіресе 2017 жылдың алғашқы жартысында талпыныс жасауы керек» деді.

ИИР президенті сондай- ақ Латын Америкасының, соның ішінде Венесуэланың Иранның сыртқы саясатындағы орнын ерекше» деп атады.

Венесуэла президенті де телефон арқылы болған сұхбатта мұнай өндіруші елдер арасында Вена отырысындағы келісімнің барлық мүше елдер үшін жеңіс болғанын және оның жетістіктерінің алдағы айларда бұрынғыдан көбірек айқындалатынын мәлімдеді.

Мадуро мұнай бағасын делдалдардың белгілеуіне жол бермеу керектігін баяндап: «Қазіргі шаралар мұнай шынайы және әділ бағаға жеткенше жалғасуы керек. Иран мен Венесуэла арасында осы саладағы үйлесімділік маңызға ие» деді.

ОПЕК мүшелері қарашаның 30- ы күні Венадағы 171- ші отырысында 2017 жылдың басынан 6 ай бойы өз өндірістерінен күніне бір миллион 200 мың баррельге қысқартуға және оның жалпы көлемін күніне 32 миллион 500 мың баррельге жеткізуге келісті.