АҚШ Конгресі Қауіпсіздік кеңесінің Израильге қарсы қарарын айыптады
(last modified Sat, 07 Jan 2017 04:39:40 GMT )
Қаң 07, 2017 10:39 Asia/Almaty
  • АҚШ Конгресі Қауіпсіздік кеңесінің Израильге қарсы қарарын айыптады

АҚШ Конгресінің 342 өкілі бейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің Израильдің палестиналық жерлерде қалашықтар құрылысын жүргізуді айыптаған қарарды теріске шығаратын қарарға оң дауыс беріп, оны бекітті.

Әсіресе АҚШ Конгресіне ықпал ететін бұл елдегі   сионистік лобби Қауіпсіздік кеңесінің сионистік режимге қарсы №2334-ші қарарын бекітуін айыптайтын қарарды бекітуде  маңызды рөл атқарды. Негізінде АҚШ Конгресі әрқашан Израильді қолдап, бұл режимге қаржылай және әскери көмектерді арттыруға көмектесті. Қазіргі кезде АҚШ-тың заң қабылдайтын бұл органы Израильдің дәстүрлі қолдаушысы ретінде танымал болған республикашылардың билігіне түсіп, БҰҰ-ның шешімін сынаумен тоқталмай, АҚШ демократтарын №2334-ші қарарға «қалыс» дауыс бергені үшін айыптады. АҚШ-ның Өкілдер палатасында бекітілген қарарда: «АҚШ үкіметінің  Қауіпсіздік кеңесінің Израильге қарсы жанжалды қарарына вето қолданбауы өткен он жылдағы Вашингтонның Тель-Авивты қолдау саясатына күмән тудырады» деп қуатталған. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Конгресті қолдады. Бірнеше күн бұрын Трамп   Қауіпсіздік кеңесінің Израильге қарсы қарарын әділетсіз деп атап, бұл елдің Мемлекеттік хатшысы Джон Кериге қарсы ұстаным көрсетіп: «Джон Керридің Израиль және қалашықтар салу туралы уәждері тек өзіне ғана жарайды»,- деген болатын. Трамп өзінің сионист достарына 20-шы қаңтарда президенттік кезеңі басталғанға дейін қысымдармен  қарсыласуды талап етті.  Республикашылардың мұндай ұстанымы  АҚШ-ның жаңа үкіметінің Израильге қарсы әрекеттерге қарсылық білдіретінін көрсетті. Бұл ұстаным Қауіпсіздік кеңесі немесе БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі немесе   Халықаралық сот сынды басқа да халықаралық органдардан да байқалды. Мұндай жағдай сионистік режимнің заңсыз әрекеттерін, соның ішінде 1967-ші жылы басып алған жерлерде қалашықтар салуды жалғастырып, Палестина халқын басып-жаншуына себеп болуы мүмкін деп ойлады. Қалай болғанда да бұл мәселені, яғни АҚШ-тың Израильді қолдауын жоққа шығаруға болмайды. Израиль режимі өзінің саясаттары мен өз әрекеттеріне байланысты халықаралық қоғамда оқшауланумен кезігіп отыр. Шын мәнінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2334-ші қарары мен керісінше қарарға қалыс дауыс бергені үшін Обама үкіметін сынау, сонымен еуропалық мемлекеттердің бұл қарарға оң дауыс беруі бір жақтан сионистік режим басшыларының ашу-ызасын көтерді. Басқа жақтан палестиналық жерлерде қалашық салуды жалғастырудың адамгершілікке жатпайтын әрі қисынсыз және заңсыз әрекет екенін көрсетеді. Сондықтан тіпті сионистік режимнің жақтастары үшін халықаралық қоғамға қосылып, бұл әрекетті қолдаудан басқа жол қалған жоқ.