Рафсанджанидің қазасына байланысты шетелдік басшылар көңіл айттты
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Хашеми Рафсанджанидің қазасын байланысты түрлі елдердің басшылары жолдауларында Иран халқы мен үкіметі және марқұмның отбасына көңіл айтты.
Ирактың Ұлттық коалиция басшысы Омар Хаким аятолла Хашеми Рафсанджанидің қазасына байланысты жолдауында ол кісіні Иранның, аймақ пен әлемнің революциялық, саяси және мәдени өміріндегі ұлы тұлға деп атады.
Ирактың вице-президенті әрі «Дауа» партиясының бас хатшысы Нури әл-Малеки жексенбі күні кешке аятолла Хашеми Рафсанджанидің қаза болуына байланысты Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі, Иран халқы мен марқұмның отбасына көңіл айтып: «Иран халқы аятолла Хашеми Рафсанджанидің революция мен ИИР жүйесінің өркендеу жолындағы атқарған еңбектерін ешқашан ұмытпайды»,- деді.
Мұеың алдында Ирак президенті Фуад Масум осы қайғылы жағдайға байланысты Иранның жетекшісі мен халқына және үкіметіне көңіл айтқан болатын.
Кувейт әміршісі шейх Сабах әл-Ахмад әс-Сабах ИРИ президентіне жолдаған хатында Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Хашеми Рафсанджанидің қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Сонымен қатар, Бахрейн патшасы Хамад ибн Иса ал- Халифа да жексенбі күні ИРИ президентіне хат жолдап, аятолла Хашеми Рафсанджанидің қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Біріккен Араб Әмірлігінің президенті шейх Халифа бин Зайед, премьер-министрі Мохаммад бин Рашид және БАӘ-нің ханзадасы Мохаммад бин Зайед әл-Халифа жеке-жеке жолдаулары арқылы аятолла Хашеми Рафсанджанидің қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлю́т Чавушогл мен Түркияның бұрынғы президенті Абдолла Гюль және БҰҰ жүйесінің Ирандағы өкілі Гари Луис жеке жолдаулары арқылы аятолла Хашеми Рафсанджанидің қаза болуына байланысты Иран халқы мен марқұмның отбасына көңіл айтты.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди де өз жолдауында аятолла Хашеми Рафсанджанидің қаза болуына байланысты Үндістанның бір миллиард екі жүз елу миллион халқының атынан Иран халқына көңіл айтты.