Зариф пен БҰҰ-ның бас хатшысы Мьянмадағы рохинья мұсылмандарының жағдайы жайлы кеңесті
Иран Сыртқы істер министрі мен Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысы Мьянмадағы рохинья мұсылмандарының ауыр жағдайы, Йемен, Сирия мен Ирактағы жағдай және осы ұйымның дағдарыстарды шешудегі рөлін талқылады.
Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф сенбі күні кешке Мюнхендегі Қауіпсіздік конференциясы аясындағы БҰҰ-ның бас хатшысы Антонио Гуттеришпен кездесуінде БҰҰ-ның Мьянмадағы рохинья мұсылмандары, Йемен мен Сирия және Ирактағы дағдарыстарды шешуде көбірек белсенділік танытуын сұрап, Иранның аймақтағы дағдарыстарды шешуде БҰҰ-мен ынтымақтастық жасауға әзір екенін мәлімдеді.
Кездесу барысында Антонио Гуттериш Иран мен «алтылық» топ арасындағы «Ортақ қадам» ядролық келісімін халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызды фактор деп атап, оның жалғастығына өзі мен БҰҰ-ның қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Сонымен қатар БҰҰ-ның бас хатшысы Иран Сыртқы істер министрінің Теһранға шақыруын қабылдап, алғашқы мүмкіндікте Иран Ислам Республикасына баратынын айтты.