БҰҰ-ның Венедағы штаб-пәтерінде Наурыз мерекесі аталып өтті
(last modified Sat, 25 Mar 2017 11:07:25 GMT )
Нау 25, 2017 17:07 Asia/Almaty
  • БҰҰ-ның Венедағы  штаб-пәтерінде Наурыз мерекесі аталып өтті

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің мұрындық болуымен және түрлі мемлекеттердің елшілері мен өкілдерінің қатысуымен Халықаралық Наурыз мерекесі аталып өтті.

Иран Телераидо бірлестігі агенттігінің хабарлауынша, биылғы Халықаралық Наурыз күніне арналған мерекелік шараға ИИР, Ауғанстан, Әзірбайжан, Үндістан, Ирак, Қазақстан, Тәжікстан, Пәкістан, Түркіменстан, Өзбекстан және Түркия мемлекеттерінің өкілдері қатысқан.

Бұл мерекелік шарада ИИР-ның Венадағы тұрақты елшісі Реза Наджафи рәсімге қатысушы елдердің атынан баршаны Наурыз мерекесімен құттықтап, бұл мерекенің өмір, сұлулық және халықтар арасындағы бірлік, бейбітшілік пен достықтың нышаны ретіндегі маңыздылығын қуаттады.

Реза Наджафи Наруызды үміт сыйлап, айналаны жасыл желекке орандырып, көктемнің келгенін хабарлайтын табиғаттың ең әсем мерекесі деп атап: "Наурыз бірқалыптылық, бейбітшілік, жылу, алуан түрлілік, нұр мен өмірдің нышаны болып саналады",- деді.

Сол шарада БҰҰ-ның Венадағы кеңсесінің бас хатшысы Юрий Федотов тарихи мерекенің халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты кеңейтудегі маңыздылығына сілтеме жасап, бұл күнді БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы тарапынан Халықаралық Наурыз күні деп атаудың тарихын баяндап берді.