Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына қарасты Минск тобының басшылары Қарабаққа аттанды
(last modified Thu, 30 Mar 2017 09:35:49 GMT )
Нау 30, 2017 15:35 Asia/Almaty
  • Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына қарасты Минск тобының басшылары Қарабаққа аттанды

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына қарасты Минск тобының америкалық, франциялық және ресейлік басшылары өзін өзі жариялаған Қарабаққа республикасына барды.

Армения ақпарат құралдарының хабарлауынша, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына қарасты Минск тобының америкалық басшы Ричард Хогланд, франциялық басшы Стефан Висконти мен ресейлік басшы Игорь Попов Армения басшыларымен кездесіп, олардың Әзірбайжан республикасымен қайшылығы туралы сұхбаттасу үшін өзін‑өзі жариялаған Қарабақ республикасына аттанды.

Айта кететін жайт, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына қарасты Минск тобының америкалық, франциялық және ресейлік басшыларының ағымдағы жылдың наурыз айының басында Бакуге сапарында осы ұйымның арнайы өкілі Анжей Касшик те осы топты бастап, Әзірбайжан республикасының астанасы Баку қаласына барып, ел Президенті Ильхам Әлиевпен кездескен болатын.

Осы кездесуде Әзірбайжан республикасы мен Армения арасындағы қарым‑қатынас, екі ел басшылары арасындағы келіссөздер үдерісі және Қарабақ қайшылығын шешудің перспективасына қатысты мәселелер талқыланды.