БҰҰ Қарабақ бейбіт келіссөздерін қайта бастау қажеттігін қуаттады
Әзірбайжан республикасы мен Арменияның даулы жерлеріне қатысты қайшылықтың тараптары Қарабақ бейбіт келіссөздеріне аса ынта танытпай отырған жағдайда БҰҰ бейбіт келіссөздерді қайта бастау қажеттігін қуаттады.
БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Фархан Хақ бейбіт келіссөздердің қайта басталу қажеттігін қуаттаумен қоса: «Жуырда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына қарасты Минск тобының Әзірбайжан республикасы мен Армения арасында қайшылықты бейбіт жолмен шешу туралы мәлімдемесі жарияланғанымен, екі жақ әскерилерінің атысты тоқтату бітімін бұзу ықтималы туындаған соң, БҰҰ екі елдің басшыларын келіссөздер үстеліне қайта келуге және адам шығынын болдырмауға шақырды»,-деп мәлімдеді.
Осы орайда Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та өткен жұма күні (31 наурыз) «Азартадж» ресми ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Мәскеу, Вашингтон мен Париж Әзірбайжан республикасы мен Армения арасындағы Қарабақ қайшылығын шешуге қатысты ортақ көзқарасқа ие»,-деп мәлімдеді. Ол, сонымен қатар, үш ел – Ресей, АҚШ пен Францияның Баку мен Ереван арасындағы Қарабақ қайшылығын шешуге бағытталған әріптестігінің жалғасатындығына үміт білдірді.
Ресей Сыртқы істер министрінің сөздері Қарабақ қайшылығын доғару үшін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына қарасты Минск араағайын тобы басшыларының үйлесіп әрекет ететінін көрсетті. Алайда қарсыласушы тараптар, әсіресе Әзірбайжан республикасы Минск тобы басшыларының қолдауына аса үміт артпайды. Бакудің кейбір мемлекеттік қайраткерлері мен соған қарасты органдар өткен бірнеше жылда Әзірбайжан республикасының Израиль және АҚШ-пен стратегиялық одағының Қарабақ қайшылығын осы мұсылман елінің мүддесіне орай шеше алады деп көрсеткісі келген. Алайда Лавровтың сөздері осындай жарнаманың кері жағдайын дәлелдеп отыр.
Әзірбайжан республикасы мен Армения күштерінің түйіскен тұстарында жағдайдың қиындығын ескеріп, БҰҰ-ның қарсыласушы тараптар Баку мен Ереван басшыларын келіссөздер үстеліне келуге шақыруының осы халықаралық ұйымның Оңтүстік Кавказдағы шиеленісті азайту саласында жасаған оң қадамы екенінде күмән жоқ. Өткен бірнеше жылдың ішінде Қарабақ қайшылығын доғаруға қатысты БҰҰ бейтарап рөлге ие болғандықтан, азырақ пікір білдіретін. Мұнымен қоса, өткен бірнеше жыл ішінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің армян күштерін Әзірбайжан республикасының жерінен шығару туралы 4 қарары жарияланғанына қарамастан, бұл қарарлар тек қағаз жүзінде қалып, іске аспады. Аймақ мәселелері жөніндегі сарапшылардың айтуынша, БҰҰ-ның өкілдері Баку мен Ереван басшыларын келіссөздер үстеліне келуге шақырудың орнына Қауіпсіздік кеңесі қарарларының орындалуын баса айтқаны жөн. Қарарлардың қабылданғанына 20 жылдан астам уақыт өтті, алайда бұл салада ешқандай іс атқарылған жоқ. Осындай шындықтарға қарамастан, Қарабақ қайшылығынан туындап отырған аймақтық қауіп-қатерлердің қазіргі үдерісі мен БҰҰ-ның рөлінен қапы қалмау қажет. Бұл халықаралық ұйым Баку мен Ереванның жер дауына араласып, аймақтық өзгерістерде сындарлы рөл атқара алады. Осыған қатысты, БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Фархан Хақтың жуырдағы сөздерін осы ұйымның Әзірбайжан республикасы мен Армения қайшылығын тоқтатуға байсалды түрде атсалысуының бастамасы деп түсінуге болады.
Баку мен Ереванның жер дауын шешуге бағытталған халықаралық талпыныстарға қарамастан, Әзірбайжан республикасы мен Арменияның кейбір жоғары лауазымды қайраткерлерінің сөздері әрдайым Қарабақ бейбіт келіссөздері үдерісіне теріс әсерін тигізіп келді. Соның ішінде Баку мен Ереван басшыларының соңғы айларда соғысты қайта бастау туралы өзара қоқан-лоққыларын айтуға болады. Сондай-ақ, Әзірбайжан республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің соңғы сөздерінде Арменияның болмысы мен егемендігіне күмән келтірілген болатын.