Әйелдер – Таяу Шығыс дағдарыстарының негізгі құрбандары
(last modified Wed, 17 May 2017 17:13:25 GMT )
Maм 17, 2017 23:13 Asia/Almaty
  • Әйелдер – Таяу Шығыс дағдарыстарының негізгі құрбандары

БҰҰ-дағы Иран ислам республикасының тұрақты өкілі Хошру әйелдерді Таяу Шығыстағы соңғы дағдарыстардың негізгі құрбандарының бірі деп атады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Ғоламали Хошру "Қақтығыстар барысындағы әйелдерге қарсы қатыгездік" тақырыбы төңірегінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде өткен отырыста Таяу Шығыста дағдарыстардың жалғасып жатқанына өкініш білдірумен қоса, осы дағдарыстардың жалғасуын жиіркенішті деп атап: «Таяу Шығыс аймағындағы әйелдер лаңкестік және экстремистік топтардың тәкфирлік ойынан шыққан шаралардан туындап отырған үлкен үрей- қорқынышта ғұмыр кешуде.

Таяу Шығыс аймағындағы әйелдер қорқыныш, қоқан-лоққы, бөгделерден қорқу және нәсілшілдікке толы кеңістікте алғашқы және маңызды құрбандарға айналады» деді.

Хошру халықаралық қауымдастықтың Таяу Шығыстағы әйелдер тақырыбына екіұшты қатынас көрсетуін ашық түрде сынап: «Құдсты жаулап алған режимнің Палестина халқына қарсы өшпенді саясаты және Газа секторын зұлымдықпен қоршауда ұстаудың жалғасуы палестиналықтардың, соның ішінде палестиналық әйелдердің құқықтарын ашық түрде бұзу болып табылады» деді.