Сионистердің Сауд Арабиясымен қару‑жарақ келісімшартынан қыруар пайда табатыны әшкере болды
Maм 30, 2017 08:51 Asia/Almaty
Бір сионистік газет АҚШ пен Сауд Арабиясы арасында қол қойылған қару‑жарақ келісімшартының басым бөлігінің израильдік компаниялардың үлесіне тиетінін хабарлады.
«Ди Маркер» экономикалық газеті: «Израильдің қару‑жарақ жасаушы компанияларының көбі Сауд Арабиясына қару‑жарақ пен әскери құрылғылар сататын америкалық компаниялармен келісім жасады»,-деп жазды.
«Ди Маркер» газетінің жазуынша, АҚШ пен Сауд Арабиясы арасында қол қойылған келісімшарттар израильдік компаниялардың өндірісіне серпіліс береді. Белгілі бір уақыт аралығында орындалуы тиіс тапсырыстың жоғары көлеміне сәйкес, бұл компаниялардың өндіріс бағдарламалары кеңейе түсетін болады.
Тегтер