БҰҰ әлемдегі халық санының артатыны туралы болжам жариялады
(last modified Fri, 23 Jun 2017 01:31:30 GMT )
Маусым 23, 2017 07:31 Asia/Almaty
  • БҰҰ әлемдегі халық санының артатыны туралы болжам жариялады

БҰҰ 2050 жылы әлемдегі жалпы халық санының шамамен 10 миллиард адамға жететіні туралы болжам жариялады.

БҰҰ өз мәліметінде Үндістан елінің алдағы жеті жылда Қытайды басып озып, әлемнің халқының саны ең көп елге айналатынын болжады. БҰҰ-ның болжамдарына сәйкес, әлемнің жалпы халқының саны қазіргі 7 миллиард 600 миллиондық деңгейден 2030 жылы 8 миллиард 600 миллион адамға дейін артады. Бұл көрсеткіш 2050 жылы 9 миллиард 800 миллиондық межеден асып, 2100 жылы  11 миллиард 200 миллион адамға дейін жететін болады.