Иран мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтарды кеңейту жолдары қарастырылды
Минсктегі Иран елшісі мен Беларусь Ішкі істер министрі екі елдің ынтымақтастықтарын кеңейту жолдары туралы пікір алмасты.
Минсктегі Иран елшісі Мұстафа Увейси Беларусь Ішкі істер министрі Игорь Шуневичпен кездесуінде аймақ пен әлемдегі кейбір өзгерістер туралы пікір алмасып: «Лаңкестік қоқан-лоққылар, ұйымдастырылған қылмыс, есірткі контрабандасы сынды қиындықтармен күрес және арнайы күштердің жаттығуларымен алмасу – екі елдің қарым-қатынастарын дамытатын мәселелер»,- деді.
Беларусь Ішкі істер министрі Игорь Шуневич те кездесуде өз елі мен Иран арасындағы стратегиялық қарым-қатынастардың өткен кезеңіне тоқталып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негіздерін нығайтуды екі жақтың қарым-қатынастарын дамытып, алға ілгерілететін фактор деп атады.