Зариф Германия Қаржы министрімен кездесуде екі елдің банктік ынтымақтастықтарын нығайтуды қуаттады
Иран Сыртқы істер министрі Берлинде Германияның Қаржы министрімен кездесіп, екі ел арасындағы банктік ынтымақтастықтарды нығайту жолдары туралы пікір алмасты.
Мұхаммад Джавад Зариф пен Вольфганг Шойбле кездесуде германиялық банктердің екі елдің осы саладағы ынтымақтастықтарын нығайтып, Ирандағы экономикалық жобалардың сенімділігін қамтамасыз ету бағытындағы талпыныстарын қуаттады.
Германия Қаржы министрі Вольфганг Шойбле бұл кездесуде сондай-ақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыру қажеттігін қуаттап, Иранмен арадағы банктік ынтымақтастықтарды қолдады.
Германиялық басшылармен кездесіп, пікір алмасу үшін Берлинге сапар шеккен Зариф бұдан бұрын Германиядағы Еуропаның сыртқы қарым-қатынастар кеңесінің жылдық отырысында сөз сөйлеп: «Еуропа Парсы шығанағы аймағындағы қайшылықтарды шешуге көмектесу үшін қажет мүмкіндіктерге ие. Сондықтан Еуроодақ Парсы шығанағы аймағында келіссөздер жүргізуде маңызды рөл атқара алады»,- деді.