Армения Қарабақ шекарасында тыныштық орнатылғанын қуаттады
Армения Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Арцрун Ованнисян Әзірбайжанмен арадағы Қарабақ шекарасында тыныштықтың орнатылғанын қуаттап:
«Әзірбайжан күштерінің Қарабақта орналасқан армян күштеріне қарсы шабуылдары салдарынан үш армян әскери жарақат алды" деді. Армения Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, Әзірбайжан күштері өткен күні атыс тоқтату бітімін бірнеше рет бұзған.
Армения Қорғаныс министрлігі Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі баспасөз хатшысының армян күштердің шабуылы салдарынан бір әйел мен баланың қаза болғаны туралы хабарды теріске шығарып, аймақтағы тұрақсыздыққа Әзірбайжанды жауапты деп атады.
АҚШ, Ресей мен Франция 1997-ші жылдан бері Қарабақ мәселесін шешу үшін Минск арағайындық тобының басшылығын өз мойнына алып отыр. Содан бері 20 жыл өткенімен, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.