Шіл 12, 2017 23:16 Asia/Almaty
  • Әл-Абади: Ирак өз егемендігінің бұзылуына жол бермейді

Ирактың премьер-министрі АҚШ президентіне Ирактың ешкімге өз егемендігін бұзуына жол бермейтінін айтты.

Tasnim ақпарат агенттігінің  сәрсенбі күні al-Sumariya news агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ирактың премьер-министрі Хайдер әл-Абади АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сұхбатында: "Ирактықтар өз жерін ДАИШ-тің қолынан азат ету үшін көптеген ерлік жасады. Ирак ешуақытта ешбір тараптың өз егемендігіне, елі мен мал-мүлкіне қол сұғуына жол бермейді" деді.  

Ирактың премьер-министрі лаңкестікпен күресте өз еліне көрсетілген халықаралық қолдаулар үшін алғыс білдіріп: "Соғыс пен ДАИШ-тің кейбір аймақтардағы басқыншылығына қарамастан, Ирак азат етілген аймақтарда  тұрақтылық орнатып, босқындарды өз жерлеріне қайтарып, халықтың мүдделері шеңберінде қажет реформалар жасауды жалғастырады" деді. 

АҚШ президенті де осы сұхбатта: "Ирак әскері мен халықтық ерікті күштерінің ДАИШ-пен соғыстағы ұлы жеңісі әлемді дүр сілкіндірді" деді. 

Тегтер