Ауғанстан Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Қазақстанға аттанды
Шіл 18, 2017 07:15 Asia/Almaty
Ауғанстан Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында жоғарғы деңгейлі делегацияны басқарып, Астанаға аттанды.
Ауғанстан Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ханиф Атмар осы сапарында Қазақстанның жоғары деңгейлі қайраткерлерімен кездесіп,сұхбаттасады.
Түрлі салалардағы ынтымақтастықтарды кеңейту, аймақтағы маңызды өзгерістер, әлемдік мәселелер, лаңкестікпен күрес Ауғанстан Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің Қазақстан қайраткерлерімен кездесуінде талқыланатын басты мәселелердің қатарын құрайды. Ханиф Атмар Қазақстан сапарынан кейін Өзбекстанның астанасы Ташкентке сапар шегеді.
Тегтер