Шіл 22, 2017 17:33 Asia/Almaty

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының сегізінші кезеңі жұма күні Венада өтті. Бұл отырыс та алдыңғы отырыстар секілді "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толық жүзеге асыру қажеттігін қуаттаумен аяқталды.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Сейед Аббас Арақчи Австрияның астанасы Венада өткен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының сегізінші кезеңі аяқталған соң тілшілерге берген сұхбатында барлық тараптардың Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасына берік екендігі мен Халықаралық Атом Қуаты агенттігімен ынтымақтастығына алғыс білдіргеніне тоқталып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясы мүшелерінің осы келісімнің сәтті жүзеге асуына кедергі келтіретін кез келген әрекеттен бас тарту қажеттігін қуаттағандарын мәлімдеді. Бүгін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына екі жыл, оның жүзеге асырылуының басталғанына шамамен бір жарым жыл толып отыр. Бұл аралықта "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жүзеге асуы әртүрлі шарықтаулар мен құлдырауларды бастан өткерді. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясы қалыпты түрде Венада отырыстар өткізіп, бұл бағдарламаның іске асуын қадағалап отырды. Кейбір баяндамаларға сәйкес, АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасының жүзеге асуының басынан қазірге кезге дейін осы халықаралық келісімге қарсы 30-дан астам әрекет жасаған. "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзудағы соңғы әрекеті үстіміздегі жылдың маусым айының он бесі күні орын алды. АҚШ Сенаты "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзатын әрекетінде Иранға қарсы санкциялар салу туралы "Иранның тұрақсыздандырушы әрекеттерімен күресу-2017" атты заң жобасын бекітті. Бұл заң жобасы зымырандық санкциялар, лаңкестік пен санкциялар қару-жараққа байланысты санкцияларды қамтыды.

Санкциялар АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын ізгі ниетпен және сындарлы кеңістікте жүзеге асыруға міндетті әрі бұл келісімнің сәтті жүзеге асуына кері әсерін тигізетін кез келген әрекеттен бас тартуы тиіс жағдайда жарияланды.

Осыған байланысты туындайтын сауал мынадай: АҚШ бұл үдерісін қашанға дейін жалғастырмақ және мұндай міндеттемені бұзумен күресетін арнайы механизм бар ма?

Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары және "Ортақ қадам" бағдарламасын қадағалаушы штабтың төрағасы Сейед Аббас Арақчи "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының бір жылдығына орай Теһранда өткен ақпарат отырысында: "Америкалықтар мен еуропалықтар өткен бір жылдың ішінде қолдарынан келгенше "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыруға кедергі келтірді",- деді.

Бір америкалық лауазымды тұлға "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыру үдерісі басталғаннан бірнеше ай өткен соң: "Әлем инвесторларын Иранға келуіне батылы бармайтындай етеміз",- деп айтқан болатын.

Қазіргі таңда Иранның қойған талаптары халықаралық келісімнің шеңберінде болып отыр. Ал мұндай қатынастың жалғасуы "Ортақ қадам" бағдарламасының кейбір тараптарының абыройы мен мүдделеріне қатер төндіретіні анық.

Foreign Policy интернет сайтының жуырдағы жариялаған баяндамасында: "Иранға қарсы күресіңдер, бірақ ядролық келісімге қатер төндірмеңдер",- деп жазылған.

Иранның Сыртқы қарым-қатынастар стратегиялық кеңесінің төрағасы Камал Харрази жұма күні Францияның France-24 телеарнасына берген сұхбатында: "АҚШ-тың Иран азаматтары мен ұйымдарына қарсы жариялаған жаңа санкциялары мен банктерге Иранмен ынтымақтастық жасамау мақсатында қысым көрсетуі ядролық келісімді бұзу  саналады",- деп мәлімдеді.

Қазір "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының болашағы туралы шешім қабылдау АҚШ-тың әрекетіне байланысты. Бұл үдерістегі кез келген өзгеріс Американың мойнында. Бұған байланысты Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі мен Мәжілісінің баяндаған сөздеріне сәйкес ел үкіметі пен сыртқы саясат ведомствосына оны орындау міндеті жүктелді. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жуырда өткен Иран Ислам мәжілісі кеңесінің өкілдерімен кездесуінде: "Мәжіліс АҚШ-тың қастық және бір жақты ұстанымдарына реакция білдіріп, үстемшіл саясаттарға қарсы табандылық танытуы керек",- деп қуаттаған болатын.

Бұл тақырып АҚШ-тың Иранға дұшпандық таныту тамырының АҚШ-тың Ислам республикасы жүйесіне қарсылығында жатқанымен маңызды болып отыр. Сол себепті бұл дұшпандыққа тиісті жауап берілмейтін болса, үдеріс дәл осылай жалғаса бермек.

 

Тегтер