Қыр 13, 2017 20:30 Asia/Almaty
  • Могерини

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы сейсенбі күні Еуропа Парламентінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына тағы қолдау танытты.

Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сейсенбі күні Аргентинада  әрдайым  "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзуды қалайтын АҚШ Президенті Дональд Трампқа жақтасып, "Ортақ қадамды" нашар келісім деп атап, оны түзетуді немесе мүмкіндік болса жоюды талап еткен жағдайда  Федерика Могерини "Ортақ қадамға" қолдау білдірді.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли 5 қыркүйекте: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – кемшін тұстары бар шектеулі келісім. Сондықтан оның баптары жөнінде тағы да келіссөздер жүргізілуі керек",-деп уәж айтқан болатын.

Федерика Могерини мен "Ортақ қадам" бағдарламасының АҚШ-тан басқа тараптары әрдайым "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдап келеді.

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы жуырда "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының халықаралық қауымдастыққа тиесілі екенін қуаттап: "Өзгерту енгізуге болатындай бұл екіжақты келісім емес",-деді.

 



 

Тегтер