Трамп: Иранмен ядролық келісімге келу – АҚШ-тың тарихындағы ең жаман келісім
(last modified Wed, 20 Sep 2017 08:41:00 GMT )
Қыр 20, 2017 14:41 Asia/Almaty
  • Трамп: Иранмен ядролық келісімге келу – АҚШ-тың тарихындағы ең жаман келісім

АҚШ Президенті «алтылық» топтың Иранмен ядролық келісімге келуін осы уақытқа дейін АҚШ қатысқан келісімдердің ең жаманы деп атады.

АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Иранмен ядролық келісім жасауды АҚШ үшін мәселе тудыратын әрі ұят келісім  деп атады.

Өзі лаңкестерді қолдайтын АҚШ Президенті сөзінің жалғасында: «Лаңкестер мен экстремистер күшейіп, әлемнің жер-жеріне тарады»,- деді. Трамп 193 мүшесі бар БҰҰ бюджетінің 22 пайызын АҚШ-тың төлейтіндігіне тоқталып, оны әділетсіз деп бағалады.

АҚШ Президенті сонымен қатар, Солтүстік Кореяны сол елдегі құрғақшылық пен миллиондаған халқының өліміне жауапты санап: «Егер АҚШ қоқан-лоққымен кезіксе, Солтүстік Кореяны толық жойып жіберуден басқа амал қалмайды»,- деген уәж айтты.