Қыр 20, 2017 20:49 Asia/Almaty
  • Австрия Президенті АҚШ Президентінің сөзін қатты сынады

Австрия Президенті АҚШ Президентінің Иран жөнінде айтқан сөзін қатты сынап, Трамптың Иранға сөзбен шабуылдауынан қатты көңілі қалғанын айтты.

Австрия Президенті Александр Ван дер Беллен Нью-Йорк сапары барысында австриялық журналистерге берген сұхбатында: "Егер мен АҚШ Президентінің сөзін сараптайтын болсам, оның сөзі АҚШ-тың кішкентай ауылдарының біріндегі дауыс берушілерді ғана қуанта алатындай деңгейде болды деп айтуым керек",-деді. Австрия Президенті Трамптың сөзін сынап: "Әлемнің жүз тоқсаннан астам елінің басшылары қатысқан БҰҰ-ның сессиясында АҚШ Президенті осылай сөз сөйлейді деп күтпеген едім",-деді. Александр Ван дер Беллен АҚШ Президентінің Иран тұрғысында айтқан сөзінен көңілі қалып: "Еуропадағы басқа барлық әріптестерім Иранның 2015 жылы Венада келісілген ядролық келісімге толығымен берік екендігіне сенімді",-деді.

 

 

Тегтер