Әлиев Еуропадағы Қауіпсіздік және серіктестік ұйымының Минск тобы мүшелерімен кездесті
Әзірбайжан республикасының президенті Қарабақ кикілжіңін шешу үшін Еуропадағы Қауіпсіздік және серіктестік ұйымының Минск тобының америкалық, франциялық және ресейлік басшыларымен, сонымен қатар Бакудегі осы ұйымның арнайы өкілімен кездесіп, сөйлесті.
Кездесуге қатысушылар Қарабақ таулы аймағындағы Әзірбайжан республикасымен Армения арасындағы кикілжіңді шешу мәселесі мен оның қазіргі жағдайын қарастырды.
Отырыстың жалғасында Әзірбайжан республикасының президенті Ильхам Алиев Минск тобындағы америкалық жаңа басшы Эндрю Шуферимен кездесіп, Таулы Қарабақ аймағында Әзірбайжан республикасы мен Армения арасындағы кикілжіңді Минск тобына мүше басқа елдердің көмегімен шешу үшін ешқандай талпыныстан аянып қалмайтындықтарына үміт білдірді.
Әлиев Қарабақ мәселесінің шешімін таппағанына өкініш білдіріп: «Арменияның қазіргі жағдайды сақтап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына көзжұмбайлық танытуына байланысты бұл мәселе әлі шешілген жоқ» деді.