Техас штатындағы қарулы шабуылды АҚШ Армиясының қызметтен босатылған бұрынғы қызметкері жүзеге асырды
(last modified Mon, 06 Nov 2017 08:57:44 GMT )
Қар 06, 2017 14:57 Asia/Almaty
  • Техас штатындағы қарулы шабуылды АҚШ Армиясының қызметтен босатылған бұрынғы қызметкері жүзеге асырды

Техас штатындағы шіркеуде орын алған қанды атысты жүзеге асырушы жиырма алты жастағы Девин Патрик Кэлли мұның алдында АҚШ Әуе күштерінде қызмет атқарған.

Al Alam арнасының хабарлауы бойынша, Девин Патрик Кэлли жексенбі күні Техас штатындағы Сазерленд-Спрингс қалашығында орналасқан шіркеуде жиналған адамдарға қарай оқ жаудырып, соның салдарынан жиырма жеті адам қаза болып, отызға жуық адам жарақат алған.

Девин Патрик Кэлли АҚШ Армиясындағы қызметі 2010 жылы басталғаннан босатылғанға дейін Нью-Мексика штатында орналасқан Холломан әскери-әуе базасында болған.

Куәгерлердің айтуынша, әскери тұрғыдан толық жарақталған шабуылдаушы шіркеуге басып кіріп, адамдарға қарай мақсатсыз түрде оқ жаудырған.

Техас штатының полициясы шабуылдаушының өлтірілгенін хабарлады.