Зариф Йеменнің жағдайына байланысты БҰҰ-ның бас хатшысына хат жолдады
(last modified Tue, 14 Nov 2017 14:50:28 GMT )
Қар 14, 2017 20:50 Asia/Almaty
  • Зариф Йеменнің жағдайына байланысты БҰҰ-ның бас хатшысына хат жолдады

ИИР-ның Сыртқы Істер Министрі БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттерешке жазған хатта Сауд режимі тарапынан Йеменге жасалған шапқыншылық пен жан-жақты қоршау салдарынан бұл елдің жағдайын ауыр әрі алаңдатарлық деп атады.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша Мохаммад Джавад Зариф Арабстанның Йеменге жасаған 30 айдан астам басқыншылығы барысында мыңдаған бейкүнә адамды өлтіріп, осы елдің инфрақұрылымдары мен қоғамдық нысандарын, соның ішінде ауруханалары мен мектептерін, жолдар мен өнеркәсіп орындары мен электр стансаларын қиратуы салдарынан йемендіктердің өздерінің алғашқы қажеттіліктерінен мақұрым қалғанын қуаттады.

Иран СІМ Йемендегі адами апаттың Сауд Арабиясы осы елдің қоршауын күшейтуіне байланысты ушыға түскенін айтып, халықаралық қауымдастықтан әсерлі әрі қатаң тәсілмен Йемен дағдарысына араласып, ақымақ соғысты доғаруды сұрады.   

Зариф ИИР-ның әрдайым Йемен дағдарысының шешім жолының тек саяси екенін және барлық саяси күштердің атсалысуымен жан-жақты үкімет құру, әсіресе кейбір елдердің Йеменнің ісіне араласпауы екенін мәлімдегенін еске салды.