Трамп тағы да америкалық ақпарат құралдарына шабуыл жасады
АҚШ президенті тағы да өз елінің ақпарат құралдарына шабуыл жасады.
ИРНА-ның хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Азия сапарынан қайтып келген соң Twitter-де жазба жариялап, бұрынғысынша америкалық ақпарат құралдарын сынға алып, Филиппины еліне сапары кезінде бірнеше ай бойы CNN телеарнасын көруге мәжбүр болғаннан кейін бұл арнаның қаншалықты нашар әрі өтірікші екенін түсінгенін жазды.
Трамп сонымен қатар осы сапары кезіндегі азиялық елдердің басшыларының өзін қарсы алуын өзінің саясаттары әне жұмыстарымен байланыстыруға тырысып, сапарын оң бағалады.
АҚШ президенті Азия сапарында маңызды жетістікке қол жеткізгені туралы уәж айтты. Алайда кейбір азиялық елдерде, соның ішінде, Оңтүстік Корея, Жапония мен Филиппины елдерінде орын алған ауқымды шерулер Трамптың Азия сапарына қарсылықтың белгісі болып табылады.
Америкалық Gallup қоғамдық пікір ұйымы жүргізген сауалнаманың жуырда жарияланған нәтижесіне сәйкес, америкалықтардың тек 35 пайызы ғана Трампты қолдайтын көрінеді.