АҚШ үкіметі Иранға қарсы әрекеттерін күшейтуде
(last modified Sat, 16 Dec 2017 13:33:47 GMT )
Жел 16, 2017 19:33 Asia/Almaty
  • АҚШ үкіметі Иранға қарсы әрекеттерін күшейтуде

АҚШ үкіметі осы елдің БҰҰ-дағы елшісінің негізсіз айыптауларымен және Конгресте жаңа жобаларды бекіту арқылы Иранға қарсы әрекеттердің жаңа толқынын бастады.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли бір телеарналық бағдарламада «Иран йемендік күрескерлер үшін қару-жарақ жіберді. Риядқа атылған зымырандар Иранда жасалған. Иран әлемдік бейбітшілік үшін қауіп төндіреді. Иранның Таяу Шығыс аймағындағы тұрақсыздық тудырушы әрекеттерімен күресу қажет» деген уәж айтты.

Сонымен қатар АҚШ-тың Өкілдер палатасы Иранға қарсы екі заң жобасын бекіткен болатын. Бірінші жоба бойынша ирандық басшылардың қаржылай мал-мүлкінің құжаттарын жариялау қарастырылса, екінші жобада Иранға жолаушы тасымалдаушы ұшақтарды сату әдісі туралы есеп ұсыну мәселесі талқыланды.

Бұл әрекеттер АҚШ үкіметінің "Ортақ қадам" ядролық келісімін бұзу үшін жасалған талпыныстарының тосқауылдарға тап болған жағдайда орын алып отыр. Вашингтон Ираннан үркітудің жаңа толқынын тудыру арқылы Иранға қарсы аймақтық және халықаралық коалиция құрылады деп үміттенеді. Америкалықтар Батыс Азия аймағында Иранды тізгіндеу ісінде Сауд Арабиясы мен сионистік режимге қатты сенім артып отыр. Сол себепті АҚШ басшылық етіп отырған Батыс елдерінің саудиялықтардың Йемендегі қылмыстарына қатысты үш жыл үнсіздік танытуынан кейін Вашингтон өзінің назарын Иранның Йемендегі хауситтерге қару-жарақ жіберу мәселесіне аударды. Бұл уәжді дәлелдеу үшін Хейли Риядқа атылған зымыранның бір бөлігін көрсетіп: "Зымыран бөлігінің бетінде ирандық зауыттың белгісі салынған",- деді. Бұл сөздер БҰҰ-ның Зерттеу комитеті бұл зымыранның Иранға ешқандай қатысы жоқ деп мәлімдеген жағдайда айтылды.

АҚШ-тағы қару-жарақты бақылау ассоциациясының атқарушы директоры Дарил Кимбал: "Хейлидің Йемендегі хауситтерге Иран тарапынан зымыран жіберу туралы айтқан сөздері шындыққа жанаспайды",- деді.

ИИР Сирия мен Ирактағы ДАИШ секілді лаңкестік топтармен күресіп, жоюда шешуші рөл атқарған жағдайда Иранның аймақтық әрекеттері америкалықтар тарапынан тұрақсыздық тудырушы және қауіпті деп сипатталып отыр. ДАИШ лаңкестері АҚШ-тың аймақтық одақтастарының ашық және жасырын қолдауларының арқасында адамдарды өлтіріп, бұрын-соңды болмаған қылмыстарды іске асырып жатқан кезде Иранның көрсеткен көмектері ДАИШ-қа қарсы күресте Бағдад және Дамаск секілді ірі қалаларды сақтап қалуға себеп болды. Содан кейін дәл сол көмектердің арқасында Мосул, Алеппо, Ракка және Дейр эз-Зоур секілді қалалар лаңкестерден азат етілді.

Қазіргі таңда ДАИШ-тың көзінің жойылуымен Батыс Азия аймағының тыныштық пен тұрақтылыққа қатысты үміті оянған кезеңде америкалық-саудиялық-израильдік коалиция бұл аймақта жаңа қақтығыстардың отын өршітуге талпыныс жасап, Иранды өзінің үгіт-насихаттық шабуылдарының нысанасына айналдырмақ.