Хошру: Құдс қарарына вето қолдану – АҚШ-тың басқыншы Израильді қолдайтындығының айқын үлгісі
БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі АҚШ-тың Құдс қарарына вето қолдануын Вашингтонның басқыншы сионистік режимді қолдайтындығының айқын үлгісі деп атады.
Хошру: Құдс қарарына вето қолдану – АҚШ-тың басқыншы Израильді қолдайтындығының айқын үлгісі
БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі АҚШ-тың Құдс қарарына вето қолдануын Вашингтонның басқыншы сионистік режимді қолдайтындығының айқын үлгісі деп атады.
АҚШ дүйсенбі күні кешке БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 14 мүшесінің Мысырдың Құдс туралы ұсынған қарарына оң дауыс бергеніне қарамастан, қарарға вето қолданды.
Қарардың жобасында: "Қасиетті Құдс қаласының болмысын, жағдайын немесе құрамын өзгертуге қатысты кез келген шешім мен кез келген әрекет заңсыз. Сол себепті, БҰҰ-ның қарарларына сәйкес ай күші жойылуы керек",- деп көрсетілген. Ұсыныс жобасында сондай-ақ, барлық мемлекеттерден Қауіпсіздік кеңесінің №478 қарары негізінде Құдс қаласында елшіліктер мен консулдықтар ашудан бой тартып, Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына табанды болып, оларға қайшы келетін ешбір әрекет жасамау талап етілді.
Мысыр бұл қарардың жобасын сенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің арасында таратқан болатын. Сондықтан, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарар туралы отырысы дүйсенбі күні кешке өтті.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойыншан, Ғоламали Хошру дүйсенбі күні кешке сионистік режимнің өткен бірнеше онжылдықта палестиналықтарға қарсы шабуыл жасап, оларды қырып-жойып, босқынға айналдырғанын қуаттап: "АҚШ-тың бұл әрекеті Вашингтонның тек Израиль режимінің мүдделерін ғана ойлап, палестиналықтардың заңды талаптарын еш құрметтемейтінін көрсетті",- деді.