БҰҰ-да Иранның «Қатігездік пен экстремизмге қарсы әлем» атауымен ұсынған қарары бекітілді
(last modified Thu, 21 Dec 2017 10:26:56 GMT )
Жел 21, 2017 16:26 Asia/Almaty
  • БҰҰ-да Иранның «Қатігездік пен экстремизмге қарсы әлем» атауымен ұсынған қарары бекітілді

ИИР-ның «Қатігездік пен экстремизмге қарсы әлем» атауымен ұсынған қарары үшінші рет бүкіл әлем елдерінің қолдауымен сәрсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясында бекітілді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі осы қарарды бекіту жиналысында қатігездік пен экстремизмді әлемдегі екі түйткіл деп атап, олармен күресу қажеттігін қуаттады.

Ғоламәли Хошру өткен жылдары әлемде экстремизмнің кең етек жайғанына, соның ішінде  лаңкестік топтардың Сирия, Ирак пен әлемнің басқа жерлеріндегі қылмыстарына тоқталып, БҰҰ Бас ассамблеясынан осы тақырыпқа көңіл бөлуді жалғастыруын сұрады.

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі, сондай-ақ, қатігездік пен экстремизмді кез келген ұлт немесе белгілі бір дінмен байланыстырудан сақ болу қажеттігін айтып: «Илаһи діндерді ұстанушыларға қарсы жиіркенішті сөздер айтып, діндерді жазғыратын адамдар – шын мәнінде лаңкестердің қолындағы ойыншықтар. Олар лаңкестерге бүлдіргі әрі әсірешіл идеологияларын таратуға көмектеседі»,-деді.