Әлемде әскери шығын артты
(last modified Fri, 05 Jan 2018 17:45:36 GMT )
Қаң 05, 2018 23:45 Asia/Almaty
  • Әлемде әскери шығын артты

АҚШ Мемлекеттік департаменті өз мәлімдемесінде өткен 10 жылда, нақты айтқанда 2005-2015 жылдар аралығында әлемдегі әскери шығынның 46 пайызға өскені туралы хабарлады.

Әлемдегі әскери саладағы шығын 2005 жылы 1 триллион 35 милиард доллар болса, 2015 жылы 2 триллион 76 миллиард доллардан асты. АҚШ-тың қару экспортының бұл кезеңде артқаны сондай, бұл елдің әлемдік қару нарығындағы үлесі  78 пайыздан 83 пайызға жетті.

Негізінде қырғи-қабақ соғысынан бері әлем мемлекеттерінің әскери бюджеті бұрын-соңды болмаған деңгейге артты. Саяси мәселелер бойынша маман Алан Тавеи дүниедегі қақтығыстардың артуына байланысты қырғи-қабақ соғысынан кейін мемлекеттердің әскери бюджетінің жоғары деңгейге жеткенін айтты. Әлемдегі әскери саладағы шығынның артуы әртүрлі мемлекеттердің қоғамдық, білім, денсаулық пен тұрмыс шығындарына тікелей теріс әсерін тигізеді.

АҚШ қазіргі таңда әлем бойынша ең үлкен, шамамен 700 миллиард долларлық әскери бюджетке ие болуымен бірге қару экспорты саласында да бірінші орынға ие болып, әлемнің әртүрлі елдеріндегі қару-жарақ бәсекелестігі  мен соғыс өртін өртшітуде үлкен рөл атқаруда. АҚШ НАТО-ға мүше болып кіретін еуропалық одақтастарына қысым көрсетіп, әскери қаржысын арттыруды көздеп отыр. Аймақтағы қақтығыстар мен әлемнің әртүрлі жерлеріндегі соғыс ықтималының артуы мың жылдық мақсаттарға қарсы келеді. Мың жылдық даму мақсаттары – 2000 жылы бекітілген БҰҰ-ның жылдық даму мақсаттар. Бұл халықаралық маңызды келісім кедейшілік пен аштықты жоюды, баршаға бастауыш мектеп деңгейінде білім беруді, әйел мен ердің теңдігін, әйелдердің мүмкіндіктерін арттыруды, кішкентай балаларлың өлімін азайтуды, аналардың денсаулығын жақсартуды, СПИД, безгек және тубуркулез және басқа аурулармен күресуді,  қоршаған ортаның тұрақтылығына кепілдік беру және даму үшін  әлемдік деңгейдегі белсенділікті  қарастырады.

Австралия, Малайзия және Таиланд университеттерінің тұрақты даму орталығының басшысы Камерон Кейс Ричард «Осы уақытқа дейін ешбір мемлекет тұрақты дамуға жеткен жоқ. Ешбір үкімет тұрақты экономикаға жетпейді. Бүгін БҰҰ-ның тұрақты экономика үлгісі іске жарамайды",- деді.

Негізінде, мың жылдық мақсаттарға жету үшін мемлекеттерге үлкен бюджет бекіту керек.