Хошру: АҚШ-тың басқарма кеңесі ахлақтық және саяси тұрғыдан біліксіз
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Ғоламали Хошру АҚШ-тың қысымымен жуырда Иранда орын алған оқиғаларды қарастыру мақсатында жұма күні кешке өткізілген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында өзінің америкалық әріптесіне АҚШ қауіпсіздік күштерінің наразылық білдірушілерге қарсы қандай шара қолданатынын еске салып: "Әлемдіктер АҚШ-тың басқарма кеңесін ахлақтық және саяси тұрғыдан біліксіз санайды.
Кейбір мүшелердің қарсылығына қарамастан бұл кеңестің АҚШ-тың қазіргі басқарма кеңесі арқылы өзін теріс мақсатта пайдалануға рұқсат беріп, міндеттерінен тыс мәселеге қатысты отырыс ұйымдастырып, осылайша халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы өзінің шынайы міндетін орындаудағы қауқарсыздығын көрсеткені өте өкінішті.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранның ішкі мәселелерін қарастырудың орнына кеңестің "Таяу Шығыстағы жағдай" атты бүгінгі таңдағы күн тәртібінің тақырыбы негізінде Палестина жерінің ұзақ мерзімді басқыншылығы және бүгінде мыңдаған адамның қаза болуына соқтырып, Йемен халқы үшін ашаршылық, аурулардың таралуы мен инфрақұрылымдардың қирауына соқтырған Йеменді үш жыл бойы нысанасыз жаппай бомбалау секілді шынайы мәселелер жайлы отырыс өткізу тиіс. Бірақ бұл ұйымның ең кішкентай істі орындауға да шамасы келмей отыр",- деп баса айтты.