Рухани: Иран – аймақтағы ең ықпалды ел
ИИР президенті Иранның соңғы кезеңдегі саяси-экономикалық жетістіктеріне тоқталып: "БҰҰ мен алпауыт елдер ИИР-дың аймақтағы ең ықпалды мемлекет екенін мойындады",- деді.
Хасан Рухани жұма күні Үндістанның Хайдарабад қаласында тұратын ирандықтар және студенттермен кездесуінде: "Иран қазіргі таңда Ресей және Түркиямен бірге аймақта тыныштық орнату саласында ықпалды елдер саналады. Иранның Ирак және Сирия халқының жанында лаңкестікпен күресте атқарып отырған рөліне байланысты ешкімнің күмәні жоқ.
АҚШ президенті бір жылдан бері "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзу үшін әрекет жасап жатыр. Алайда бірнеше айда бір рет санкциялардың күшіне енуін кейінге қалдыру туралы құжатқа қол қойып отырады.
Бүгінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзу ісінде бір басқыншы режим мен бірнеше кішігірім елден басқа ешқандай жақтасы жоқ. Бұл – Иранның қазіргі қуатының белгісі»,- деді.
Рухани санкциялардың халықтар арасындағы байланысты шектейтінін айтып: "Иран әлем елдеріне жоғары қорғаныстық қуатымен қоса, жоғары деңгейде келіссөз жүргізу қуатына да ие екенін көрсетті",- деді.