Рухани: Ислам әлемі дұшпандар мен сионистік режимге қарсы бірігуі қажет
(last modified Sat, 17 Feb 2018 13:02:45 GMT )
Ақп 17, 2018 19:02 Asia/Almaty
  • Рухани: Ислам әлемі дұшпандар мен сионистік режимге қарсы бірігуі қажет

ИИР президенті: "Егер әлем мұсылмандары арасында бірлік болғанда, АҚШ Бейт ул-Мұқаддасты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындауға, сионистік режим күн сайын палестиналықтардың құқықтарын бұзуға батылдары бармас еді",- деді.

Үндістанда ресми сапармен жүрген ИИР президенті Хасан Рухани Хайдарабадтағы "Макке масджид" мешітінде жұма намазына қатысқаннан кейін сөйлеген сөзінде әлем мұсылмандарының бірлігі мен ынтымағынан басқа жол жоқ екендігін баса айтып: "Дұшпандар мұсылмандарды қорлап, жәбір көрсеткісі келеді. Бірақ мұсылмандар тарихта ғылым, өркениет пен ұлылыққа ие болған. Бүкіл әлемнің болашағы осындай мұсылмандардың қолында болмақ.

ИИР Ирак, Сирия мен Ливан халқына көмектескені секілді барлық мұсылман халықтарына көмектесіп келді. Иран осындай көмектерін  жалғастыруға әзір",- деді.

Иранның Атқарушы билігінің басшысы Үндістанның тұрақты қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін қуаныш білдіріп: "Дұшпандар мұсылмандардың бірігуін қаламайды. Алайда Үндістан мен Иран халықтары ғылым мен өркениет тұрғысынан бір-бірінің қасынан табылып келеді",- деді.