Бакуде Иран мен Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрлері кездесті
Бакуде Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрімен кездесті.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, бригада генералы Амир Хатами сәрсенбі күні Әзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрі Закир Хасановпен кездесуінде қорғаныстық, әскери істер мен аймақтық екіжақты ынтымақтастықтар жайында кеңесіп, пікір алмасты.
Иранның Қорғаныс министрінің Бакуге ресми сапары барысында екі елдің жауапты тұлғалары әскери-қорғаныстық әріптестік пен ортақ қорғаныстық өнеркәсіптер саласында ынтымақтастық жасау туралы бірқатар меморандумға қол қойды.
Бакуге екі күндік сапармен келген Иранның Қорғаныс министрі мұның алдында Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Алиевпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтар жөнінде сұхбаттасқан болатын.