БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Сирияда 30 күндік атысты тоқтату бітімін орнату туралы қарар бекітілді
(last modified Sun, 25 Feb 2018 11:33:41 GMT )
Ақп 25, 2018 17:33 Asia/Almaty
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Сирияда 30 күндік атысты тоқтату бітімін орнату туралы қарар бекітілді

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сенбі күні Сирияда 30 күндік атысты тоқтату бітімін орнатып, қоршауда қалған аудандарға гуманитарлық көмектер жеткізуге жағдай жасау мақсатында қарар бекітті. Ресейдің қысымымен лаңкестік топтар осы бітімнің аясынан шығарылды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл қарар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты және тұрақты емес мүшелерінің барлығының оң дауысымен бекітілді.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мүшелері арасындағы қол жеткізілген келісім бойынша, атысты тоқтату бітімі орнаған мезгіл ішінде Сирияда қоршауда қалған кейбір аудандарға, соның ішінде Шығыс Ғутеге гуманитарлық көмек жіберуге жағдай жасалады.

АҚШ-тың қолдауындағы лаңкестік топтар, соның ішінде әл-Каида, ән-Носрат майданы мен ДАИШ осы бітімнің аясынан тыс қалдырылды.

Шығыс Ғуте – Сирияның астанасы Дамасктың маңындағы стратегиялық аудан. Сирия армиясы оны лаңкестерден тазартуды көздеп отыр. 

Кувейт пен Швеция тарапынан дайындалған қарардың жобасы бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне берілді. Алайда мүшелердің қайшылығына байланысты дауыс беру кейінге қалдырылды. Жұма күні кешке дауыс беру екінші рет кейінге қалдырылды. Ақырында сенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өз жиналысын бірнеше сағатқа кеш бастап, қарарды дауысқа салды.

 

Тегтер