Ақп 27, 2018 15:47 Asia/Almaty
  • Могерини Иран, Түркия және Ресейге Сирия туралы хат жіберілгенін хабарлады

Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияға қатысты №2401 қарардың толық іске асырылуының қажеттігін қуаттап, Иран, Түркия және Ресейге Сирияда 30 күнге атысты тоқтату туралы хат жіберілгенін хабарлады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Федерика Могерини  Сириядағы қауіпсіздік жағдайға кепілдік беруші үш мемлекет, атап айтқанда Иран, Ресей және Түркияға хат жіберіп, олардан Қауіпсіздік кеңесінің қауіпсіз аймақтарға қатысты қарарларын іске асыруды сұрады.

Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі қауіпсіз аймақтардың Астана отырысының нәтижесі болғанын еске салып, Сириядағы атысты тоқтату бітімін жылдам іске асыруға мүдделік білдірді.

Астана келіссөздері Иранның бастамасы және Ресей мен Түркияның ынтымақтастығымен Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында  2017 жылдың қаңтар айында басталды.

 

 

Тегтер