Зариф Болгария президентімен кездесті
Болгария президенті Иран СІМ Мохаммад Джавад Зарифпен Софияда кездесуде Иранмен экономикалық байланыстарды нығайтуды Болгария үкіметінің басты бағдарларының бірі деп атады.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Болгария президенті Роман Радлов сәрсенбі күні Иран СІМ Мохаммад Джавад Зарифпен кездесуде Иранның аймақтағы маңызды рөлі мен орнына тоқталып: «Болгария Иранның маңызды әрі шиеленісті Таяу Шығыс аймағындағы рөлі мен аймақта тұрақтылық қалыптастырып, бейбітшілік орнату үшін жасап жатқан талпыныстарын қолдайды» деді.
Зариф те Иран президентінің Болгария президентін Теһранға шақыруған сәлемін жеткізіп: «Болгария Иран үшін транзиттік маңызды рөлге ие. Сонымен қатар байланыс жолдары мен дәліздерін нығайту үшін де маңызды» деді.
Иранның дипломатиялық органының басшысы сонымен қатар Болгарияның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қолдау танытқанын еске салып: «Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің есебі Иранның өзінің міндеттемелеріне толығымен табанды болғанын көрсетеді. Алайда Америка осы салада әлі қиындық келтіріп келеді» деді.
Иран СІМ Теһранның аймақта лаңкестік және экстремизммен күрестегі сындарлы рөліне тоқталып: «Иран әрдайым аймақта лаңкестік топтармен күресіп келеді. Алайда аймақтағы кейбір елдер лаңкестерді қолдап отыр» деді.