Зариф Босния мен Герцеговинаның премьер-министрімен кездесті
(last modified Sat, 03 Mar 2018 08:30:59 GMT )
Нау 03, 2018 14:30 Asia/Almaty
  • Зариф Босния мен Герцеговинаның премьер-министрімен кездесті

ИИР Сыртқы істер министрі Сараевода Босния мен Герцеговина премьер-министрімен кездесіп, сұхбаттасты.

Мұхаммад Дажвад Зариф жұма күні Босния мен Герцеговина премьер-министрі Денис Звиздичпен кездесуінде Иранның саясатын Босния мен Герцеговинаның ынтымағы мен тұрақтылығы және осы елдің барлық халқымен ынтымақтастығы үшін көмек деп атап: "Бірлескен экономикалық комиссия құру екі елдің экономикалық қатынастарын кеңейтуге септігін тигізе алады",- деді.

Иран СІМ сондай-ақ, Босния мен Герцеговинаның ирандықтардың жүрегінде ертеден орын алғанына тоқталып: "Банк саласында тікелей байланыс орнатып, виза беру үдерісін жеңілдету де екіжақты әріптестіктердің алдында тұрған кедергілерді айтарлықтай жоя алады",- деді.

Босния мен Герцеговина премьер-министрі Денис Звиздич те кездесуде Иранның Босния мен Герцеговинаға көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіріп: "Қосжақты қатынастарда ешқандай қиындық пен кедергі жоқ. Босния мен Герцеговина Иранмен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды қолдайды",- деді.

Босния мен Герцеговинаның Парламенттік ассамблеясының төрағасы Огнен Тадич те кездесуде Иранмен екі жақты қатынастарды кеңейтуді қолдап: "2016 жылғы жағымды естеліктерге толы Иранға жасаған сапарым барысында жақсы жетістіктерге қол жеткіздік",- деді.

Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф пен Босния мен Герцеговина СІМ Игорь Срнадак та жұма күні өткізген келіссөздердің екі кезеңінде екі елдің саяси, экономикалық және мәдени салалары бойынша қатынастарындағы соңғы өзгерістерді қарастырып, екі елдің барлық салалар бойынша қатынастарын тереңдету қажеттігін қуаттады.