Солтүстік Корея АҚШ-қа аймақтағы кез келген жаттығу өткізуіне қатысты ескерту жасады
Солтүстік Корея АҚШ-қа аймақтағы кез келген жаттығу өткізуіне қатысты ескерту жасады.
Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Кореяға ортақ жаттығуларын өткізген жағдайда Пхеньянның шынайы реакциясымен бетпе-бет келетіндіктерін ескертті.
Солтүстік Кореяның үкіметі бұл елдің ресми ақпарат агенттігі KCNA арқылы: "АҚШ Корея түбегінде Оңтүстік Кореямен ортақ әскери жаттығу өткізетін болса, Пхеньянның қатаң әрі өкіндіретін жауабымен бетпе-бет келеді. АҚШ-тың Корея түбегіндегі жаттығулары аймақты шынайы қатерге тірейді, сондықтан Вашингтон бұл әрекеттің салдарларына жауапты болуы керек",- деді.
Вашингтонның Пхеньянға қарсы жаңа санкциялар салуымен тұспа-тұс кейбір ақпарат құралдары АҚШ пен Оңтүстік Кореяның 2018 жылдың сәуір айында ортақ жаттығу өткізетінін хабарлады.