Трамп еуропалықтардан АҚШ-тың жаңа кедендік тарифтерінен босату үшін кепіл сұрады
(last modified Sun, 11 Mar 2018 11:01:50 GMT )
Нау 11, 2018 17:01 Asia/Almaty
  • Трамп еуропалықтардан АҚШ-тың жаңа кедендік тарифтерінен босату үшін кепіл сұрады

АҚШ Президенті сенбі күні Еуроодақтың АҚШ-қа болат пен алюминий енгізу тарифінің артқанын сынағанына жауап ретінде Twitter-дегі парақшасында: "Егер еуропалықтар америкалық өнімдерге тарифтерді алып тастаса, АҚШ та солай істейді",-деп жазды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Еуроодақтың АҚШ-пен сауда саласында нашар әрекет етіп отырғанын айтты.

АҚШ Президенті бұл елдің коммерциялық табысының азайғанын айтып: "Егер Еуропа елдері америкалық өнімдерге тарифтерді алып тастаса, Еуропаның көліктері мен басқа да өнімдеріне салық салынбайтын болады",-деп ескертті.

Трамп бейсенбі күні халықаралық ескертулерге қарамастан, АҚШ-қа болат пен алюминий енгізуге тарифті арттыру туралы жарлыққа қол қойды.  Осы жарлық бойынша, АҚШ-қа болат импортына 25 пайыз, алюминий импортына 10 пайыз тариф қойылды. 

Еуроодақтың сауда істері жөніндегі комиссары Сесилия Мальмстрем жұма күні түстен кейін одақтың 90 күннің ішінде АҚШ-қа қарсы алдын алу шараларын қолдану үшін Дүниежүзілік сауда ұйымына баратынын ескертті.

 

Тегтер