АҚШ-тағы қарулы зорлық-зомбылықтарға қарсы Конгрестің алдында наразылық шаралары өтті
(last modified Wed, 14 Mar 2018 09:10:45 GMT )
Нау 14, 2018 15:10 Asia/Almaty
  • АҚШ-тағы қарулы зорлық-зомбылықтарға қарсы Конгрестің алдында наразылық шаралары өтті

АҚШ халқының бір тобы сейсенбі күні Конгресс ғимаратының алдына жеті мың жұп аяқ-киім апарып қойып, бұл елдегі қарулы зорлық-зомбылықтарға наразылық білдірді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, "Біздің балаларымызды еске алу" атты бұл шарада АҚШ-та қарулы зорлық-зомбылықтардың салдарынан өлген шамамен жеті мың кішкентай бала мен жасөспірім еске алынып, мыңдаған жұп аяқ-киім Вашингтондағы Конгресс ғимаратының алдына қойылды. Бұл наразылық әлемдік ақпарат құралдарының реакциясына тап болды.

Наразылық шарасын ұйымдастырушылар 2012 жылдағы Sandy Hook бастауыш мектебіндегі қарулы зорлық-зомбылық салдарынан жеті мың баланың қаза болғанын  еске алып, әр бала үшін бір жұп аяқ-киімді Конгресс ғимаратының алдына апарып қойды. Бұл шара Американың жер-жеріндегі Конгресс мүшелерін қаруды бақылау заңдарды күшейтуге қысым көрсету талпыныстарының бір бөлігі болды.