Адам құқығын бақылау ұйымы Помпео мен Хаспальды азаптауды қолдаушылар деп атады
(last modified Wed, 14 Mar 2018 14:54:01 GMT )
Нау 14, 2018 20:54 Asia/Almaty
  • Адам құқығын бақылау ұйымы Помпео мен Хаспальды азаптауды қолдаушылар деп атады

Адам құқығын бақылау ұйымы Трамптың Майк Помпеоны Американың Мемлекеттік хатшысы, Джина Хаспельді ОБҰ-ның басшысы ретінде ұсынуын сынады.

«Спутник» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Нью-Йоркте орналасқан Адам құқығын бақылау ұйымы Америка Сенатының Майк Помпеоны Американың Мемлекеттік хатшысы, Джина Хаспельді Американың ОБҰ-ның басшысы ретінде бекітуге тосқауыл жасауы керектігін қуаттап, оларды азаптауға қолдау көрсеткен адамдар деп атады.  

Адам құқығын бақылау ұйымы мәлімдемеде Помпеоның Америка үкіметінің тергеу кезінде қатігез тәсілдерді қолдануын айыптамағанын, сол себепті бұл ұйымның Помпео егер Мемлекеттік хатшы болып бекітілген жағдайда халықаралық қауымдастыққа зиян келтіретінін ескертетінін мәлімдеді.  

Нью-Йорк Таймс газетінің мәліметіне сәйкес, Хаспель де Абу Зубейде деген палестиналық тұтқынды бақылау ісіне жауапты болған. Аталмыш тұтқынды бір айда 83 рет суға батырып, тұншықтырған. Алайда, тергеуден кейін оның ешқандай пайдалы мәліметке ие еместігіне көздері жеткен.