Джон Болтон – Американың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі
The Washington Post газеті АҚШ Мемлекеттік департаментінің бұрынғы қызметкеріне сілтеме жасап, осы елдің жаңа Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің "Мұнафықтар" лаңкестік тобынан Ирандағы жүйені өзгертуге талпыныс жасау үшін пара алғанын әшкере етті.
The Washington Post газеті бір мақалада Джон Болтонның "Мұнафықтар" лаңкестік тобымен тығыз байланысына тоқталып: "Ол көптеген талпыныстан кейін 2012 жылы осы топтың атауын АҚШ-тың лаңкестік ұйымдар тізімінен шығарды",-деп жазды.
The Washington Post газеті мақаласында Болтонның Иранға қарсы көзқарастарын баяндап: "Болтонның Иранның жүйесін өзгерту туралы ойлары – оның демеушілерінің, соның ішінде Израиль режимі, Сауд Арабиясы мен "Мұнафықтар" лаңкестік тобының көзқарастарының көрінісі. Бұл топ 8 жылдық соғыс кезінде Саддам режиміне жақтасып, қылмыстар жасағаны үшін Иран халқының жиренішіне ұшыраған",-деп жазды.
Трамп жұма күні АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Джон Болтонды Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі лауазымына тағайындады.