Бакуде Қосылмау қозғалысына мүше елдер СІМ-нің конференциясы басталды
(last modified Thu, 05 Apr 2018 16:57:29 GMT )
Сәу 05, 2018 22:57 Asia/Almaty
  • Бакуде Қосылмау қозғалысына мүше елдер СІМ-нің конференциясы басталды

Әзірбайжан Республикасының астанасы Бакуде "Тұрақты даму жолында халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау" тақырыбында Қосылмау қозғалысына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің конференциясы басталды.

Бұл басқосу осы конференцияны өткізуші ел Әзірбайжан Республикасының президенті Илхам Әлиев пен Венесуэлла СІМ мен Қосылмау қозғалысының кезеңдік төрағасы Хорхе Ареасаның сөзімен басталды.

Екі күнге созылатын конференцияға 120 мүше ел, 17 мемлекет және 110 халықаралық ұйымның 800 өкілі қатысады. Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф конференцияда сөз сөйледі. Конференцияны ұйымдастырудың мақсаты Қосылмау қозғалысына мүше елдердің түрлі халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымдарын жаңарту болып табылады.